
Аудан әкімі М.Мұхтаров ауданға қарасты “Ақсу-Аюлы - Ақадыр - Мойынты” облыстық маңыздағы автокөлік жолындағы Ақадыр кентіне кіре беріс темір жол үстінен өтетін, жол өткелін (путепровод) салу үшін жобалау-сметалық құжаттарын әзірлейтін СК Инжиниринг ЖШС-нің басшылығымен кездесу өтті.
Кездесу барысында алдағы атқарылар жұмыс жоспарын талқылап, аудан басшысы тарапынан жауапты мердігерге құрылыстың сапасына мән беру туралы баса айтылды.
Айта кетейік, аталмыш жол өткелінің құрылысы сонау 1990 жылдары басталып тоқырау кезеңдері тоқтап қалған. Отыз жылдан астам уақыт өтсе де бұл құрылыс аудан аумағында шешілуі тиіс күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі саналып келген болатын.