
Құрметті жерлестер!
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қызылша жұқпалы ауруына байланысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Өткен жылы Республика бойынша қызылшаның 11 057 жағдайы тіркелсе, оның 83% - дан (9 223 жағдайдан) астамы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне келеді. 70% - да (7 786 жағдайда) вакцинацияланбаған балалар сырқаттанды. Оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен – 4575, медициналық қарсы көрсетілімдер – 1431, егу жасына жетпеу – 1687, өзге себептер – 93, 17% - да (1832 жағдайда) егу мәртебесі белгісіз адамдар ауырды.
Шет ауданы бойынша 2023 жылы қызылша ауруымен 16 жағдай тіркелді. Онын ішінде 11 жағдай лабораториялық түрде дәлелденіп отыр.
Шет ауданның аудандық ауруханасы жергілікті атқарушы органдармен біріге отырып, қызылша ауруының алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізіп жатыр.
Қызылша ауруының таралмауын қамтамасыз ету үшін қызылшаға қарсы вакцинасының жеткілікті көлемі қамтамасыз етіліп отыр. Аудан бойынша 15 егу пункттері 8 егу бригадасы ұйымдастырылды. Жұмыс күндері балаларын екпеге әкеле алмайтын тұрғындар үшін сенбі, жексенбі және мереке күндері Емханаларда 1 учаскелік дәрігер 1 медбике және 1 егу медбикесі график бойынша жұмыс атқарады. Арнайы жабдықталған егу бригадасы балабақшаларға және алыс орналасқан, медициналық мекемесі жоқ елді мекендерге барып екпе жұмыстарын жүргізуде.
Құрметті жерлестер, қызылша жұқпалы аурудын алдын алуға тек қана вакцина жасау себеп болады. Өздеріңіздің және балаларыңыздың денсаулығына мұқият көңіл бөліп, уақытылы вакцина алуға шақырамын.