КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ОТЫРЫС ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ОТЫРЫС ӨТТІ

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті.
Айтулы кеңеске сала орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары және ауылдық округтердің әкімдері қатысып, бірқатар маңызды мәселелер қаралып, жауапты басшылар баяндамалар жасады.
Ашып айтқанда қыс мезгіліндегі елді мекендердегі автокөлік жолдарының дайындығы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ағымдағы жағдай бойынша жылу беру маусымының өту барысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары, БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстар жайлы тақырыптарда мәселелер қаралып, сұрақтар талқыланды.
Жиын соңында аудан басшысы бөлім, мекеме басшыларына және ауыл, кент әкімдеріне жуық аралықта орындалуы тиіс тапсырмалар жүктеді.