АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Аудан әкімі М.Мұхтаров жаңа жыл қарсаңында жалғызбасты ана А.Жұқанованың шаңырағына арнайы барды. Аудан басшысы келер жылда бар жақсылықты тілеп, алдағы уақытта да жалғыз басты аналарға мемлекет тарапынан тиісті көмектер көрсетілетінін жеткізіп, жаңа жылдық сыйлықтарын табыстады. Өз кезегінде арнайы келіп, елеп – ескеріп, бүлдіршініне қуаныш сыйлап жатқан аудан басшысына жалғызбасты ана жүрекжарды алғысын білдірді.