
Ауданға қарасты Төменгі Қайрақты ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі М.Мұхтаров қатысып, ақ халатты абзал жандардың қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді. Осыдан кейін, аудан басшысы ғимараттың ішін көріп, дәрігерлермен кездесті. Айта кету керек, биылғы жылы дәл осындай медицина ғимараттары ауданның 7 елді мекенінде салынып, ел игілігіне беріліп отыр.