«Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасын түсіндіру туралы кездесу өткізілді

«Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасын түсіндіру туралы кездесу өткізілді

Аудан прокуратурасының бастамасымен ауданның барлық мемлекеттік органдарының, «Атамекен» өңірлік кəсіпкерлер палатасының өкілінің, аудан аумағында жұмыс жасап жатқан инвесторлардың қатысуымен инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың барлық шешімдері мен шектеу шаралары бойынша «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» (Рrosecutor’s filter for investor protection) жобасын түсіндіру туралы кездесу өткізілді.
Мақсаты - инвестициялық жобаларды прокурорлық сүйемелдеу тетігін жетілдіру жəне профилактиканың тиімді құралдарын енгізу.
Осыған орай, кездесуде мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды, оның ішінде:
- қызметті тоқтата тұру;
- рұқсаттың немесе рұқсатқа қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру (кері қайтарып алу) арқылы;
- рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту;
- мемлекеттік, оның ішінде жергілікті атқарушы органның инвестордың пайдасына бұрын шығарылған шешімінің күшін жою (кері қайтарып алу);
- уəкілетті мемлекеттік органның не квазимемлекеттік сектор субъектісінің келісімшартты не келісімді біржақты тəртіппен бұзуы арқылы жүзеге асыруды прокуратура органдарымен келісу тапсырылды.