
Аудан әкімі М.Мұхтаров аудан әкімдігінің мәжіліс залында сала мамандарымен жүздесу өткізді. Кездесу барысында аудан басшысы жыл қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген табыстарға қысқаша тоқталып, әр салада жемісті еңбек етіп жүрген үздіктерге марапаттар табыстады. Шара соңында, марапат иелері де өздерін елеп – ескеріп, құрметін көрсетіп жатқан аудан басшысына жылы лебізін білдіріп, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты.