Жедел жәрдем бекеті ашылды

Жедел жәрдем бекеті ашылды

Орталық аурухана ғимаратының жанынан жедел жәрдем бекеті ашылды. Аталмыш ғимараттың ашылу салтанатына аудан әкімі М.Мұхтаров қатысып, жылы лебізін білдіріп, ғимараттың екінші қабатында орналасқан пәтер кілттерін дәрігер мамандарға табыс етті. Айта кету керек, ғимараттың бірінші қабатында жедел жәрдем бекеті ал, екінші қабатында еліміздің басқа қалаларынан келіп ауруханада жұмыс атқарып жүрген дәрігерлерге арналған қызметтік пәтерлер жасалған. Лента кесілгеннен кейін аудан басшысы ғимараттың ішін көріп, аралап қайтты. Өз кезегінде пәтер кілттеріне ие болған дәрігер мамандар облыс және аудан басшыларына алғыстарын білдірді.