АУДАНДЫҚ ФОРУМ БОЛЫП ӨТТІ

АУДАНДЫҚ ФОРУМ БОЛЫП ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың қатысуымен AMANAT партиясының Қарағанды облысы бойынша әйелдер қанатының жетекшісі З.Шалабаеваның, ауданның белсенді нәзік жандылары, депутаттар, қоғам қайраткерлері, білім және денсаулық сақтау салалаларының өкілдері, көп балалы аналар мен ауыл еңбеккерлерінің қатысуымен аудандық форум өтті. Аталмыш форумда спикерлер мен жиналғандар тұрмыстық зорлық-зомбылық, әлеуметтік қорғау, әйелдер денсаулығы, TOMIRIS жобасы және әйелдер қауымын толғандыратын басқа да мәселелерге тоқталып өтті.
Сондай-ақ, жаңадан партияға қабылданғандарға партия билеттері мен белсенді әйелдерге AMANAT партиясы облыстық филиалының төрағасының «Алғыс хаттары» табысталды. Шара соңында ауданымыздың әжелер ансамбльі кимешек киіп әннен шашу шашып, ақ батасын берді.