
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат отырысында ауданның криминогендік жағдайы және ауданның білім нысандарында жылу беру маусымының өту барысы мен проблемалық мәселелері бойынша жауапты бөлім басшылары хабарлама жасап, талқыға салынды.
Сонымен қатар, ағымдағы жағдай бойынша жылу беру, азық-түлік бағалары, БАҚ және әлеуметтік желілердегі жұмыстар қаралып, сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.