АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

Кеше ауданға қарасты Ақадыр кентінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Балауса балғындарға арналған мерекелік шараға арнайы барған аудан басшысы М.Мұхтаров жылы лебізін білдіріп, балаларға мерекелік тәттілер мен сыйлықтарын үлестірді. Сондай - ақ, Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алған бүлдіршіндер ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетіліп, шырайлы шарадан ерекше әсер алған балғындар қуанышты көңіл - күймен тарасты.