КЕЗЕКТІ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кеше аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат отырысында Шет ауданы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ш.Жүністің хабарламасы тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселені қорытындылаған аудан әкімі ең басты мақсат қай жоба болсын жіті көңіл бөліп, бірлесіп жұмыс жасау керектігін, бұл салыққа қосымша ақша түседі және жаңа жұмыс орындары ашылады. Сондықтан да аудан аумағындағы қандай инвестициялық жобалар болсын, бақылауда болуы керектігін айтты.
Отырыста сонымен қатар, өткен аппарат отырысында қаралған көлік және мүлік салығына қатысты мәселе қайта қаралып, орындалысы пысықталды. Сондай-ақ, ағымдағы жағдайлар жылу беру, азық-түлік бағалары, БАҚ және әлеуметтік желілердегі жұмыстар қаралып, сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.