Сіздерді еліміздің ұлық мерекесі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын

Сіздерді еліміздің ұлық мерекесі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын

Бұл мереке ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманы жүзеге асқан айрықша қасиетті күн.
Біз азаттыққа ұмтылған тар жол тайғақ кешу замандарында бастарын сан түрлі қатерге тіккен боздақтарымыз бен еліміздің гүлденуі мақсатында жан аямай еңбек еткен алдыңғы аға буын өкілдерінің алдында қашанда қарыздармыз.
Сондықтан бүгінгі ұрпақ бейбіт күннің бағасын біліп, халқымызбен бірге ауданымыздың әр азаматы да мемлекетіміздің әлеуетін арттыру жолында бірлесе еңбек етеді деп сенемін.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ -береке, баянды ғұмыр тілеймін.
Еркіндігіміздің еңсесі биік, елдігіміз мәңгі болсын!
Ізгі тілекпен,
Шет ауданының әкімі. М.Мұхтаров