
Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті. Аталмыш отырысқа ауданның сала бөлім басшылары аудан әкімдігінің мәжіліс залына арнайы келіп қатысса, ал, ауыл, кент әкімдері ZOOM қосымшасы арқылы қатысты. Отырыс барысында кезекті аппараттық кеңестің күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы және ағымдағы жағдай бойынша сала басшылары баяндамалар жасап, шешу жолдары талқыға салынды. Кеңес соңында аудан басшысы осы көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала, бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, жұмыстарды жандандыруды қолға алуды тапсырды.