Аудан әкімі М.Мұхтаров ауданымызға қарасты Ақадыр кентінде арнайы іс-сапармен болды

Аудан әкімі М.Мұхтаров ауданымызға қарасты Ақадыр кентінде арнайы іс-сапармен болды

Аудан әкімі М.Мұхтаров ауданымызға қарасты Ақадыр кентінде арнайы іс-сапармен болды. Сапар барысында аудан басшысы кенттегі көп қабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін орталықтандырылған от қазандықтарының жұмысымен танысып, көпқабатты үйлердегі температураның төмендеуіне байланысты жауапты жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорын басшысы мен кент әкіміне бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар, аудан әкімі тиісті құрал-жабдықтарды алғызуға байланысты шұғыл әрекет жасауды және көмір сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Айта кету керек қазіргі уақытта кент әкімдігі мен қызмет көрсетуші кәсіпорын тараптарынан тәулік бойы кезекшілік жұмыстары ұйымдастырылды.