
Ақадыр кентінде самбодан Кеңес Одағының спорт шебері, еліміздің бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі экстро-класты төреші Сейсенбай Қапасұлы Жанасыловты еске алуға арналған 2008-2009 жылғы туған жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен республикалық турнир өтті. Айта кету керек “АстанаMOTORS” компаниясының демеушілігімен биылғы жылы 9 шы мәрте ұйымдастырылып отыр. Дүбірлі додаға көршілес Қырғызстан мемлекеті мен республиканың түкпір - түкпірінен жас балуандар келіп өзара бақсынасты. Айтулы турнирге аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы қатысып, Сейсенбай ағамыздың өмір жолына тоқталып, турнирдің өтуіне демеушілік көрсеткен “AstanaMOTORS” компаниясының директоры Н.Смагуловқа және Сейсенбай Қапасұлының отбасына, облыс, аудан деңгейіндегі спорт жанашырларына алғысын білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.