
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдауын өткізді.
Аудан басшысының қабылдауына келген тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Қабылдауға келгендердің дені тұрақты жұмысқа тұру, үй мәселелері сынды сұрақтармен жүгінді. Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатар бөлім басшыларына мәселелерді шешу үшін тиісті тапсырмалар жүктей отырып, заңдылыққа сәйкес жауап берді.