
Аудан әкімі М.Мұхтаров Көктіңкөлі ауылдық округіне қарасты Жыланды ауылына арнайы іс-сапармен барып, аталмыш елді мекеннің кіре беріс 10 шақырым жолына жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарын көрді. Айта кетелік, осыған дейінгі кездесуде аудан басшысы ауыл тұрғындарына жол жөндеу жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталатынын жеткізген болатын. Өз кезегінде бөлінген қаржы көлемінің аздығына қарамастан сапалы жұмыс атқарған жауапты мердігер “ЖАНА” Ш/Қ-ның басшысы В.Ковальчукке аудан әкімі тұрғындар атынан ризашылығын білдірді.