ЖЫЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖОЛЫ ЖӨНДЕЛДІ!

ЖЫЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖОЛЫ ЖӨНДЕЛДІ!

Жуырда Шет ауданы, Көктіңкөлі округіне қарасты Жыланды ауылына кіре беріс жолдың 10 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға берілді. Жұмысқа жауапты мердігер “ЖАНА” Ш/Қ-ы тарапынан арнайы техникамен жол бетіндегі кедір-бұдырларды профильдеу, негізгі жолға табиғи қиыршық тас қосу, жиектерін ішінара кеңейту, апатты жағдайда тұрған су өткізгіш құбырларды қайта қалпына келтіріп, төменгі негіздері мен барлық борттарына бетон құю, қосымша жетіспейтін құбырларын орнату сынды жұмыстары атқарылды. Бүгінде ел игілігіне берілген жолға жасалынған жөндеу жұмыстарының сапасына ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіруде.