
Жуырда аудан орталығы Ақсу - Аюлы ауылында тұрмыстық қатты қалдықтарды төгетін полигон ретке келтірілді. Нақтырақ айтқанда полигон ішкі жағына қарай күреліп, жинақталып, сыртқы айналасындағы 1100 метр жер қоршалды. Сонымен қоса, тұрғындар жолдың әр жеріне қоқыс төкпеу мақсатында жол бойына қоршаулы арық қазылып, кіреберіс жолы тегістеліп, кәріз қалдықтарын төгуге арнайы орын белгіленіп, арнайы тәртіпті орнату үшін бейнебақылау камерасы орнатылды.
Осыған орай, полигон аумағындағы атқарылған жұмыстарды аудан әкімі арнайы барып көріп, тиісті басшылыққа полигон алаңындағы қоқыс төгуді қатаң бақылауға алып, тәртіп бұзушы азаматтарға заң аясында айыппұл салуды тапсырды.