
Жуырда қазыналы аймағымыздағы Теміртау қаласында спорттық ұйымдар мен клубтар арасында волейболдан Қарағанды облысының біріншілігі өткен болатын. Дүбірлі додада 2010 - 2011 жылдары туған жасөспірімдер өзара бақсынасып, ауданымыздағы Ақсу-Аюлы ауылының балалар мен жасөсіпірімдер мектебінің оқушылары жүлделі ІІІ - орынға қол жеткізді. Жаттықтырушы - Совет Асұлан Ерболатұлы. Жерлестеріміздің жүлдесімен шын жүректен құттықтай отыра, алдағы жарыстарында бұданда биіктерден көріне берсін демекпіз.