Кезекті аппараттық кеңес өтті

Кезекті аппараттық кеңес өтті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті.
Кеңесте аудан басшысы алдымен аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ернар Амантайұлын және Жастар ресурстық орталығының директоры қызметіне тағайындалған Темірлан Қайратұлын әріптестеріне таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, аталмыш отырыстың күн тәртібінде аудан бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою жұмыстарының жүргізілу барысы және аудан тұрғындарын коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету, қысқы мал азығы жем-шөп бағасын тұрақтандыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстары мен БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыс туралы қаралды.
Жиын соңында басқа да мәселелер бойынша түрлі сұрақтар талқыланып, аудан басшысы жауапты сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.