
Ауданның жастар ресурстық орталығының директоры болып, Боранбаев Темірлан Қайратұлы тағайындалды.
Жаңа басшыны аудан әкімінің орынбасары О.Стыбаев таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тілеп, үлкен сенім білдірді.
Боранбаев Темірлан Қайратұлы – 1994 жылы Шет ауданы, Ақсу – Аюлы ауылында дүниеге келген. 2015 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетін «дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Алғашқы еңбек жолын 2015 жылы «Шет аудандық мәдени-сауық орталығында» хормейстер болып бастаған. 2019-2020 жылдары аралығында «Шет агротехникалық колледж» мұғалімі. 2020 жылдан бүгінгі жаңа тағайындауға дейін «Шет аудандық мәдени-сауық орталығында» балалар және жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі маманы қызметін атқарып келді.