Ағымдағы жылдың 27 қараша күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен аудан аумағындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді. Аталмыш кеңеске аудан әкімі М.Мұхтаров, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының өкілдері қатысты. Кеңес барысында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, аудан аумағында орналасқан «Алматы-Екатеринбург» тас жолының жай-күйі, онда жол белгілерін орнатудың дұрыстығы бойынша сұрақтары қарастырылды. Кеңес соңында аудан прокуратурасымен құқық бұзушылық профилактикасының субьектілеріне анықталған кемшіліктерді жойып, құқық бұзушылықты алдын алу үшін пәрменді шаралар қабылдау туралы нақты нұсқаулар берілді.