
Алматы қаласында өткен Х халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасында “Әр бала- жұлдыз” атты өнер байқауына аудандық мәдениет үйінің “Арай” студиясының мүшелері қатысып мерейі үстем болды. Аталмыш байқауда Бас жүлдеге Сияз Кәусәр, || - орынды Сезім Аманбол мен Аиша Ахмедия және ||| - орынға Ақтан Балнұр және Айзере Амантайлар ие болды. Жетекшісі аудандық мәдениет үйінің қызметкері Арайлым Артықбаева. Жеңімпаздарымызды жеткен жетістіктерімен құттықтай отырып алдағы уақытта өнер биігінен көріне берулеріңізге тілектеспіз.