
2023 жылдың қараша айының 27-сі күні Жылыту маусымында адам өмірімен денсаулығын сақтап қалу мақсатында, Шет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №14 ӨСБ-нің қызметкерлері, сонымен қатар жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен бірлесе отырып, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында көмірқышқыл газының датчиктерін орнату жұмыстары жүргізілді. Көмірқышқыл газы немесе жану белгілерін уақытылы анықтау үшін датчиктердің қажеттілігі туралы іс-шаралар жүргізіп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту парақшалары таратылды.
Өзіңіз және жақын адамдарыңыздың өмірі үй жайларыңыздың амандығы өз қолдарыңызда, қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақталуы қажет.Тек бірлескен күш-жігермен төтенше жағдайлардың тәуекелдерін және
олардың салдарын азайтуға болады!