
Аудан әкімдігі мен баба ұрпақтарының ұйымдастыруымен жерлесіміз әділ би, атақты шешен Жанқұтты Ботантайұлының туғанына 220 жыл толуына орай "Жанқұтты би және ел тәуелсіздігі" атты тарихи - танымдық конференция өтті.
Айтулы шараға елімізге танымал ғалымдар мен тарихшылар, мемлекеттік қызметкерлер, ұстаздар мен барша аудан жұртшылығы қатысты. Жиылған қауымды аудан әкімі М.Мұхтаров баба мерейтойымен құттықтап, осындай игі шараға арнайы келген ғалымдарға алғысын жеткізді.
Осыдан кейін, танымдық конференцияның модераторы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан ПҒА құрметті академигі М.Хамзин бастаған, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы. С.Негимов,
жазушы-әдебиеттанушы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының аға ғылыми қызметкері Қ.Қиықбай, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жанындағы «Рухани құндылықтарды зерттеу институтының» жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Әбдуов, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессор асистенті, «Этно мәдени және тарихи антропологиялық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты М.Жакиндер Жанқұтты бидің өмір тарихы мен мұралары туралы маңызды мағұлматтар ұсынып, баяндамалар жасаса, белгілі айтыс ақыны Қ.Мақсұтов Жанқұтты биге арналған жыр шумақтарын оқып, жылы лебізін жеткізді.
Шара соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, айтылған барлық ұсыныс - тілектер назарға алынды.