КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ!

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ!

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Айтулы отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары аудан әкімдігінің мәжіліс залына келіп қатысса, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері ZOOM қосымшасы арқылы онлайн қатысты.
Отырыс барысында күн тәртібіне қойылған 2023 жылдың қаңтар-қазан аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы және ағымдағы жағдай бойынша халықты коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету, қысқы мал азығы жем-шөп пен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыстар мәселесі қаралып, тиісті басшылар хабарламалар жасады.
Сондай - ақ, ауданымыздағы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі М.Менисов бүгінгі таңда ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал - лейтенанты Е.Саденовтің тапсырмасына орай, қазіргі уақытта ағымдағы жылдың 20 - 30 қараша аралығында “Құқықтық тәртіп” және 21-24 қараша күндері еліміздегі көші - қон заңнамасын бұзған жедел қызығушылық тудыратын тұлғаларды анықтау мақсатында және өзге де құқық бұзушылықтардын алдын алу бойынша жедел профилактикалық іс - шара өтіп жатқандығын жеткізіп, барлық басшылық құрамды айтулы шараға белсене қатысуға шақырды. Бұлардан бөлек, маңызды мәселелердің бірі криминогендік ахуал туралы оның ішінде: тұрмыстық зорлық - зомбылық, ғаламтор жүйесі арқылы жүзеге асып жатқан алаяқтық пен жол көлік оқиғалары бойынша ақпараттық -түсіндірме жұмыстарын жасау жөнінде нақты тапсырмалар айтып, бұл мәселелерді қатаң бақылауда ұстау қажеттігі ескертілді.
Жиын соңында аудан басшысы ауыл, кент әкімдері мен бөлім басшыларына нақты хаттамалық тапсырмалар берді.