
2023 жылдың 14 қарашасы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және «ADAL BOL LIKE» марафоны аясында мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді. Аудан әкімінің орынбасары О.З.Стыбаев Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті заң кафедрасының аға оқытушысы Р.А.Тоқатовты семинарға қатысушыларға таныстырды. Өз кезегінде Р.Тоқатов сөз сөйлеп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.