ЕКІ МӘРТЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ

ЕКІ МӘРТЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ

Жуырда Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсуден әлем чемпионаты өтті. Аталмыш чемпионатта жерлестеріміз Әлинұр Усумбеков пен Милана Ковальчуктар топ жарып, жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, жас дарындар осымен екі мәрте әлем чемпиондары атанып, еліміздің көк туын екінші рет көкке көтеріп отыр.
Жерлестерімізді жеңістерімен құттықтай отыра, алдағы уақытта өтетін байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз.