
Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Аталмыш отырыстың күн тәртібі бойынша бірінші мәселе аудандағы құрылыс жұмыстарының өту барысы мен тұрғын үйді іске қосу көлемінің орындалысы туралы қаралды. Сондай-ақ, ағымдағы жағдай бойынша аудан халқын коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету, қысқы мал азығы жем-шөп бағасын тұрақтандыру мен БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыс туралы жауапты бөлім басшылары баяндама жасады.
Осыдан кейін, басқа да түрлі сұрақтар талқыланып, жиын соңында аудан басшысы жауапты сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.