
Жуырда “Jas fund” дарынды жастарды қолдау жобасын дамыту аясында комиссия отырыстарының нәтижесі бойынша Караман Абдулкарим қаржылық қолдау алып ағымдағы жылдың 4 қараша күні пауэрлифтингтен Ақадыр кентінің ашық біріншілігін өткізді. Жарыстың ашылу салтанатында кентіміздің ардагер спортшысы, әлемнің үш дүркін жеңімпазы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Оспанов Дарибай Караманұлы, Шет аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Біржан Сейсенбайұлы , Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Әлімжанов Біржан Нұржанұлы және Шет аудандық жастар-ресурстық орталығының директоры Ахметов Асхат Жанатұлы сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыс жоғарғы деңгейде өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальмен, грамотамен және ақшалай сыйақымен марапатталды.
Іс сапар барысында Ақадыр кентінің «Ерікті» жастарымен кездесіп, облыс әкімінің гранты туралы түсіндірме жүргізді. «Жас кәсіпкер-2023» аудан әкімі грантының жеңімпазы «тігін цехының» иегері Кошкимбаева Радана Жамантайқызына Облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Б.Әлімжанов облыс әкімінің грантына қалай қатысу керектігін түсіндірді. Шара барысында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты айлыққа байланысты тәжірибе алмасты.