
“Байқоныр” ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран-тасығыштардың аварияларымен байланысты төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының әзірлігі” тақырыбы бойынша “Зымыран-2023” республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу аясында, ауданымызда арнайы тактикалық оқу-жаттығуы жиыны өткізілді. Оқу-жаттығу жиынына аудан әкімінің орынбасары Д.Карсембаев жетекшілік жасап, ауданның азаматтық қорғау күштері толығымен қатыстырылды. Оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты - төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйелері басқару органдарының күштері мен құралдарының әзірлігін пысықтау.