
Ағымдағы жылдың 1 - қараша күні аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары О.Стыбаев, Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі Д.Смаилов округ тұрғындарымен кездесу өткізіп, жеке қабылдау өткізді.
Кездесуге ауданның барлық сала басшылары қатысып, тұрғындардың көтерген мәселелеріне жіті қарап, тындады. Қабылдау кезінде тұрғындардың көтерген мәселелерінің басым көпшілігі әлеуметтік көмек, тұрғын үй және инфрақұрылым мәселелері. Тұрғындарға заңдылықтарға сәйкес тиісті түсініктемелер берілді.
Кездесу қорытындысымен әр көтерілген мәселе бойынша іс-шара жоспары әзірленді.