
Бүгін ауданымызға қарасты Ақадыр кентінің тұрғындарымен кездесу өтті.
Аталмыш кездесуге аудан әкімі М.Мұхтаров пен ауданның сала бөлім басшылары қатысты. Аудан басшысының жеке қабылдауына келген кент тұрғындарының басым көпшілігі үй мәселесі, жұмысқа орналасу, электр тоғына байланысты өтініш, ұсыныстарын жеткізді. Ал, ауданның сала, бөлім басшылары болса тұрғындардың күнделікті толғандырып жүрген сұрақтарына жеке қабылдау жасап, жауап бере алды.
Кездесу соңында аудан әкімі көтерілген мәселелердің кейбіреуінің сол жерде шешімін айтып, қалғанын назардан тыс қалмай жұмыс жоспарына алып, жеке бақылауында болатынын жеткізді.