ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!

Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұқара қауымды әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қорғауда, мұқтаж жандарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда аталмыш сала мамандарының орны айрықша маңызға ие.
Осыған орай, бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров ауданымыздың бір топ әлеуметтік сала мамандарын арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Сонымен қатар, осы салада жемісті еңбек етіп жүрген Р.Кубинаға “Әлеуметтік сала үздігі” төсбелгісін, А.Рамазановаға аудан әкімінің «Құрмет» грамотасын және С.Байзакова, Б.Бейсембекова, О.Бегендиковаларына аудан әкімінің “Алғыс хаттарын” салтанатты түрде табыстады.
Аталмыш шарада марапат иелері өздерін арнайы елеп, ескеріп, құрмет көрсетіп жатқан аудан әкіміне алғысын білдірді!