КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Ауданымыздың «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімінің басшысы болып, Ахмедия Самат Аманжолұлы тағайындалды. Жаңа басшыны аудан әкімі М.Мұхтаров пен аудандық мәслихат төрағасы С.Социал арнайы құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Ахмедия Самат Аманжолұлы – 1990 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында туған. 2010 жылы Қарағанды политехникалық колледжінде автомобиль көлігін техникалық баптау, 2017 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде “тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлік пайдалану”, 2019 жылы “Болашақ” академиясында “қазақ тілі мен әдебиеті” пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
Самат Аманжолұлы алғашқы еңбек жолын 2010-2012 жылдары аралығында «Шет ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімінің тұрғын үй инспекторы болып бастап, 2013-2019 жылдар аралығында “Шет ауданының ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы” КММ директоры, 2019 жылы Шет ауданы Ортау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2019 жылдан бүгінгі жаңа тағайындауға дейін ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.