
Кеше әкімдікте аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңеске аудандық мәслихат төрағасы, әкім орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары аудан әкімдігінің жиын залына келіп қатысса, ауылдық округ әкімдері ZOOM қосымшасы арқылы онлайн қатыса алды.
Аталмыш жиын басталмас бұрын Қарағанды қаласында орналасқан Костенко шахтасындағы қайғылы жағдайда қаза болған шахтерларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Сонымен қатар, аудан басшысы “Шет ауданы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары” бөлімінің жаңа басшысы Ахмедия Самат Аманжолұлын барша әріптестерінің алдында таныстырды.
Маңызды жиында сенімгерлік басқаруға және жалға берілген нысандар бойынша атқарылып жатқан шаралары мен ағымдағы жағдай бойынша мәселелер қаралып, тиісті басшылар хабарламалар жасады.
Жиын соңында аудан басшысы ауыл, кент әкімдері мен бөлім басшыларына нақты хаттамалық тапсырмалар берді.