С.СЕЙФУЛЛИН КЕНТІНДЕ 4 ОТБАСЫНА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

С.СЕЙФУЛЛИН КЕНТІНДЕ 4 ОТБАСЫНА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Республика күніне орай ауданымызға қарасты С.Сейфуллин кентінде 4 отбасыға жаңа тұрғын үйдің кілттері табысталды. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында кейінгі жылдары ауданымызда бастапқы нарықтан тұрғын үй сатып алу жақсы үрдіске айналған. Осыған дейін, ауданымызда әлеуметтік осал топтағы және көп балалы отбасылар санатында үй кезегінде тұрып келген отбасылар мереке қарсаңында қуанышқа бөлеген аудан әкімі мен барша жанашыр жандарға ақпейіл алғыстарын білдірді.