25-қазан Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім - Қазақстаным!» атты жаппай әнұран айтудан патриоттық акция өтті
Аталмыш салтанатты шарада жиылған көрермен бір сапқа бой түзеп әнұран шырқады. Аудан әкімі М.Мұхтаров құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының ән шашуымен концерттік бағдарлама орталық саябақта жалғасты.