АҚАДЫР КЕНТІНДЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

АҚАДЫР КЕНТІНДЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Ақадыр кентінде аудан әкімінің орынбасары Д.Карсембаев арнайы іс-сапармен барып, Ш.Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығында 25 қазан - Республика күніне орай “Асқақтай бер, айбынды Қазақстан” атты мерекелік шарада құттықтау сөз сөйлеп, кенттегі көп балалы отбасыларға пәтер кілттерін табыстады. Жарылғап батыр көшесінен салынған жаңа үйлердің иелеріне пәтер кілттерімен қоса гүл жинақтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, пәтер алған тұрғындар атынан көп балалы ана, “Күміс алқа” иегері Г.Абдрахманова облыс, аудан және кент басшылығына өз ризашылығын білдірді. Салтанатты шара соңы мерекелік концертпен жалғасты.