МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Еліміздегі мерейлі мереке Республика күніне орай, аудан орталығы Ақсу – Аюлы ауылындағы 4 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Пәтер иелері осыған дейін әлеуметтік осал топтағы және көп балалы отбасылар санатында үй кезегінде тұрған. Мереке қарсаңында жаңа шаңыраққа ие болған отбасылардың қуанышына аудан әкімінің орынбасары Д.Карсембаев ортақтасып, пәтер кілттерін табыстап, жылы лебізін білдірді. Өз кезегінде қуанышқа кенелген отбасылар мемлекеттік бағдарлама аясында бастапқы нарықтан үй алуға көмек қолын созған аудан басшысы мен барша азаматтарға алғыстарын жеткізді. Айта кету керек, аталмыш үйлерді алу еліміздегі «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында бастапқы нарықтан түрғын үй сатып алу арқылы мүмкін болып отыр.