
Ауданға қарасты Ортау және К.Мыңбаев ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өтті. Аталмыш кездесуге аудан әкімі М.Мұхтаров пен бөлім басшылары арнайы қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан жер алу, тоқ мәселесі, ұялы интернет мәселесі, автоколік жолдарын жөндеу сынды сұрақтар түсті. Осы түскен мәселелердің бірқатарына аудан басшысы заңдылықтарға сәйкес жауап беріп, алдағы уақытта жұмыс жоспарына алынып, іс жүзінде іске асырылатынын айтты.