ҚР төтенше жағдайлар министірлігінің “Суға батқандарды құтқарғаны үшін” атты медалімен марапатталды

ҚР төтенше жағдайлар министірлігінің “Суға батқандарды құтқарғаны үшін” атты медалімен марапатталды

Жуырда облыс орталығында Құтқарушылар күніне орай мерекелік шара өткен болатын. Аталмыш шарада Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник М.Қатпанов жерлесіміз Е.Өдесханға ҚР төтенше жағдайлар министірлігінің “Суға батқандарды құтқарғаны үшін” атты медалімен марапаттады.
Естеріңізге сала кетейік Еламан Өдесхан ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде су қоймасының маңында тұлпарын бәйгеге жаратып жүріп, суға батып жатқан адамдардың жан-айқайын естіп, көп ойланбастан мұздай суға сүңгіп кеткен. Судағы адамдарды құтқаруға жеткенше біреуі су бетінен көрінбей қалып, өкінішке орай қаза тапты. Ал, екіншісін жағаға алып шығып, бірден бірінші медициналық көмек көрсеткен.