ОРМАН ӨРТ СӨНДІРУ СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

ОРМАН ӨРТ СӨНДІРУ СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

Ақсу-Аюлы ауылынан Балқашқа қарай шыға беріс жолдың бойында бірінші типті модульдік орман өрт сөндіру станциясының ашылу салтанаты болып өтті.
Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Д.Карсембаев, Қарағанды облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев, аудан прокуроры Е.Жаппар және орман шаруашылығында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер Қазыбек Сейітжанұлы сөз сөйлеп, өрт сөндірушілер мен барша жиналғандарды құрылысы аяқталып, пайдалануға беріліп отырған заманауи ғимараттың ашылуымен құттықтады.
Аталған орман өрт сөндіру стансасы талапқа сай, өртке қарсы қажетті құрал-жабдықтармен қатар, киімдер мен арнайы техникалармен қамтылған және штаттық бірліктер қарастырылған.