
Ауданымызға қарасты Ақжал мен Ақшатау кенттерінің тұрғындарымен кездесу өтті.
Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров пен ауданның сала бөлім басшылары қатысты. Кездесу барысында кент тұрғындары медицина саласын жандандыру, бұралқы иттерді жою, құрылыс жұмыстарына байланысты өтініш, ұсыныстарын жеткізді. Ал, тұрғындардың жеке сауалдарына тиісті сала бөлім басшылары жауап берді. Кездесу соңында аудан әкім көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмай жұмыс жоспарына алып, жеке бақылауында болатынын жеткізді.