
Кеше ауданымызға қарасты Үңірек, Өспен ауылдық округтері мен С.Сейфуллин кенті тұрғындары мәселелері тыңдалды. Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров жергілікті елді – мекен тұрғындарының мәселелері бойынша сұрақ – жауап алмасты. Оның ішінде тұрғындар тарапынан жайылым жер алу, жедел жәрдем көлігінің қажеттілігі, көше жарық шамдары, фап құрылысы сынды мәселелер көтеріліп, оларға заңдылықтар аясында жауаптары берілді.
Сонымен қатар аудан басшысы өз кезегінде Өспен ауылының дәрігерлеріне автокөлікті облыстық басқарма арқылы беретінін және ауыл ішкі көшелерінің жарық шамдарын ауыстыруға бюджеттен қаражат бөлгізетінін жеткізіп, ауыл әкімдеріне сұраныс беруін тапсырды.
Туындаған барлық мәселелерге тиісті жауаптары беріліп, алдағы іс-шаралар жоспарына алынды.