
Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен аудандық әкімдіктің мәжіліс залында кезекті аппарат отырысы өтті. Аталмыш аппарат отырысына аудан әкімінің орынбасарлары мен ауданның сала бөлім басшылары аудандық мәжіліс залына келіп қатысса, ал, ауыл, кент әкімдері ZOOM қосымшасы арқылы қатысты. Отырыс барысында күн тәртібінде “Шет ауданының орталық ауруханасы” КМК нысандарында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ, жиында ағымдағы жағдай мәселелеріде қаралды. Айтулы мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары баяндамаларын жасап, шешу жолдары талқыға салынды.