
Ауданымызға қарасты Дәрия кенті, Кр.Поляна, Ақой,Кеншоқы, Тағылы және Төменгі Қайрақты ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өтті.
Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров пен сала бөлім басшылары қатысты.
Маңызды шарада Кр.Поляна ауылының тұрғындары мәдениет үйін күрделі жөндеу, ауылға кіре беріс тас жолына асфальт төсеу сынды мәселелер көтеріліп, кездесуден кейін мәдениет үйінің жағдайын қарап, отқазандықтарын көріп, биылғы жылы ауыл ішіне жасалған абаттандыру жұмыстарымен танысып, алдағы жылға атқаратын бірқатар тапсырмалар берді. Басқада округтерде шабындық жер алу, жол жөндеу, ауылды абаттандыру сынды қойылған сұрақтарға аудан басшысы өз кезегінде заң аясында жауап беріп, іс шара жоспарына алынатынын жеткізді.