ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров ауданға қарасты Көктіңкөлі, Батық, Бұрма ауылдық округтерінде болды.
Аудан басшысы алдымен Көктіңкөлі округіне қарасты Жыланды ауылының тұрғындарымен кездесіп, жұртшылық тарапынан жол сапасын дұрыстау, таза ауыз судың қажеттігі туралы сұралды. Аудан әкімі ауыл халқына мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурстық процедуралар жүргізіліп жатқандығын жуық аралықта жеңімпаз атанған мердігер таза ауыз су ұңғымасын қазу жұмыстарын атқаратынын және жол мәселесі бойынша округ әкіміне жолға қосымша қиыршық тас төсеу және жолды күтіп ұстау үшін сметалық құжаттарды тез арада дайындауды тапсырды. Осыдан кейін, аудан әкімі кестеге сәйкес бекітілген елді мекендердің тұрғындарымен кездесті. Жаңа форматта ұйымдастырылып жатқан айтулы жүздесулерде негізгі басымдық тұрғындардың сұрақтарына беріліп, оларға тиісті бөлім басшылары жауаптарын берді. Өз кезегінде аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелерге іс-шара жоспары құрылып, жеке бақылауында болатынын жеткізді.